Маңғыстау уезі

Маңғыстау оязы – әкімшілік-аумақтық бөлік. Маңғыстау оязының аумағы 190 200 км², халқы 63 468 адам (негізінен Адай руы, 1897 жылы) болды.

уезд
Маңғыстау оязы
Мангышлакский уезд
Әкімшілігі
Кіреді

Каспий сырты облысы
Кавказ әскери округі (1882-1899)

Әкімшілік орталығы

Форт-Александровский

Тарихы мен географиясы
Құрылған уақыты

1882

Таратылған уақыты

1920

Жер аумағы

216,5 мың км²

Тұрғындары
Тұрғыны

68 555 адам (1897)

Ұлттық құрамы

қазақтар 93,1 %, түрікмендер 4,0 %, орыстар 2,6 %, басқа этностар 0,3 %

Ресми тілдері

Қазақ, Орыс

Тарихы

өңдеу

Бұрынғы Маңғыстау приставтығы 1881 жылы Маңғыстау оязы болып аталды. Алғашқы кезде Кавказ соғыс округіне, 1899 жылдан Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Каспий сырты облысына бағынды. Оның құрамында Маңғыстаудан басқа Красноводск, Ашғабад ояздары болды.

Географиясы

өңдеу

Маңғыстау оязының оңтүстік шекарасы Қарабұғазды қақ жарып, Арал теңізіне дейін, солтүстік шекарасы қазіргі Комсомол шығанағынан Үстірт жонының солтүстігі мен Арал теңізінің батысына дейінгі жерді алып жатты.

Әкімшілік бөлінісі

өңдеу

Ояз 10 болыс, 74 әкімшілік ауылдан құралды. Болыстар тізімі:

Халқы

өңдеу

Халқы 1897 жылғы санақ бойынша - 68 555 адам. Оның ішінде: ерлер - 35 105; әйелдер - 35 150 адам. Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар 93,1%, түрікмендер 4,0%, орыстар 2,6%, басқа этностар 0,3%.

Оязда орналасқан жалғыз қалада - Форт-Александровскіде 895 адам тұрған. Оның ішінде: ерлер - 588; әйелдер - 307 адам[1].

Экономикасы

өңдеу

Ояз тұрғындарының негізгі кәсібі – көшпелі мал шаруашылығы және егін шаруашылығы болды. 19-шы ғасырдың 50–60-шы жылдарынан бастап балық аулау, тұз өндіру, көмір қазу, тас қашаумен айналыса бастады. 1920-шы жылы таратылды.[2]

Тағы қараңыз

өңдеу

Дереккөздер

өңдеу