Михаил Григорьевич Чекуров

Михаил Григорьевич Чекуров (27.07.1947, Алматы қаласы.), спорт журналисі ALPS мүшесі (1994). "Вечерний Алматы","Республикалық Спорт KZ", "С понедельника", "Немецкая волна", "Футбол", "Советский спорт", "Спортивные игры" газеттері және журналдарында қызмет атқарды. Өз мақалаларында спорт статистикасына көп көңіл аударды. Допты және кегалдағы хоккей, волейбол, баскетбол және регби бойынша спорттық бағдарламаны құрастырушы-автор, 1996 жылы спорт бөлімдерінің телевизиялық конкурсын жеңіп алып, Атлантадағы жазғы О.о-ға берілген жалғыз жолдаманың иесі болды. С.Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3