Қазақстан (корпорация)

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы («Қазақстан» РТРК» АҚ) — «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасын, «Qazsport», «Balapan», «Abai TV» телеарналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиоларын және аймақтық 14 телерадиокомпанияны біріктіретін Қазақстандағы ақпараттық саясатты жүзеге асыратын ең ірі медиа құрылым.

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы
Түрі

Акционерлік қоғам

Құрылды

1933 жыл (Қазақ АКСР Халық комиссарлары Кеңесі жанындағы Радиокомитет ретінде)
1957 жыл (Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемтелерадио ретінде)
1991 жыл (Мемлекеттік телерадиокомпания ретінде)

Орналасуы

 Қазақстан, Астана, Қонаев көшесі, 4 үй (Қазмедиа орталығы)

Басты адамдары

Ләззат Танысбай (Басқарма Төрайымы)[1]

Қызметкерлер саны

1600-ден астам

Басшы компания

100% акциясы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне тиесілі

Еншілес компания

«Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС
«Қазақ радиолары» ЖШС

Сайты

rtrk.kz

 Басқа мағыналар үшін Қазақстан (айрық) деген бетті қараңыз.

Тарихы 1921 жылы негізі қаланған Қазақ радиосы мен 1958 жылы құрылған Республикалық бірінші телеарнадан басталады.[2] 2019 жылғы сәуірден бастап телерадиокорпорацияның Басқарма төрайымы — Ләззат Танысбай.

Тарихы

өңдеу

Телерадиокорпорация тарихы 1921 жылдан бастау алады, сол жылы Пошта мен телеграфтар Халық комиссариаты эфирге Қазақ радиосын шығарды. 1933 жылы радио Қазақ АКСР-і Радиофикация және радио хабарларын тарату комитетінің тікелей бағынысына өтеді, ал 1978 жылы Комитеттің атауы Қазақ КСР Телевидение және радио хабар тарату жөніндегі мемлекеттік комитеті (Қазақ КСР Мемтелерадио) болып өзгерді.

1951 жылы 22 наурыз күні КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысымен КСРО-ның Орталық телевизия студиясы құрылды. 1957 жылы Үкімет радио және теледидарды Мәдениет министрлігі құрамынан бөлек шығару туралы шешім шығарып, КСРО Министрлер Кеңесінің жанынан Радио және телехабарлар тарату жөніндегі комитет құрылды. Бұл жаңалықтың ізін ала 1957 жыл 29 маусымда Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Телевизия және радиохабарлары жөніндегі комитет құру туралы қаулы қабылдады. Осылайша, арада 8 ай өткеннен кейін 8 наурызда Қазақ телевизиясы дүниеге келді. 1958 жылы Қарағанды мен Өскеменде, 1959 жылы Жезқазғанда, 1960 жылы Петропавлда облыстық студиялар ашылды. Бұдан кейін Целиноград, Орал, Балқаш, Семей қаласында студиялар ашылып, аталмыш бағытта жұмыс жалғаса берді.[3]

1958 жылдың 8 наурызынан бастап Мемтелерадио Орталық телевидениенің (ОТ) Бірінші программасын таратуды бастады, оның ішінде қазақ программалары үшін «өңірлік терезе» қалдырылды. Кейінірек Қазақ КСР Мемтелерадиосының хабарлары жеке программаға, «Қазақ телевидениесіне» кіріп, бүкіл Қазақ КСР аумағын қамтыды.

1991 жылы 17 қыркүйекте Қазақ КСР Мемтелерадиосы таратылып, орнына Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігіне бағынатын Қазақ мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды.[4]

1992 жылғы 18 қыркүйекте Қазақ мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы мен облыстық телерадиокомпаниялар негізінде Министрлер Кабинетінің жанынан «Қазақстан» Мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы құрылды. Ол Қазақстанның телерадиохабар мәселелерi жөнiндегi орталық мемлекеттiк басқару органы ретінде жұмыс істеді.[5]

1994 жылы 4 сәуірде Мемлекеттік телерадиокомпания таратылып, Министрлер Кабинетiнiң жанынан «Қазақстан» теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясы құрылды.[6]

1994 жылы 20 мамырда Корпорация құрылымында «Хабар» ұлттық телевизиялық ақпарат агенттігі құрылды. 1995 жылы 23 қазанда республикалық мемлекеттік кәсіпорын түрінде «Хабар» агенттігі Корпорациядан бөлініп шықты.

2001 жылдың тамызынан 2002 жылдың наурызына дейін корпорация «Хабар» агенттігі» Жабық акционерлік қоғамының сенімгерлік басқаруында болды.[7]

2003 жылы 7 қаңтарда «Қазақстан» теледидары мен радиосы» республикалық корпорациясының атауы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы болып өзгертілді. 2004 жылы 26 наурызда 2003 жылғы жаңа «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға орай «Қазақстан» РТРК» жабық акционерлік қоғамы «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамы болып қайта тіркелді.

2008-2010 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты «Арна Медиа» Ұлттық ақпараттық холдингі» АҚ құрамында болды.

2010 жылы «Еуразия+ОРТ» ЖШС-нің 80% үлесін басқаратын «Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС жеке меншіктен Корпорация меншігіне өтті.

2011 жылы «Қазақ ақпарат агенттігі» Ұлттық компаниясы» АҚ таратылып, «Қазақстан» РТРК» АҚ құрамына қосылды. 2013 жылы 16 қазанда Корпорация құрамында «Қазақпарат» Халықаралық ақпараттық агенттігі» ЖШС тіркелді. 2016 жылы 20 желтоқсанда «Қазақпарат» халықаралық ақпарат агенттігі» ЖШС Корпорация құрамынан шығып, республикалық меншікке өтті.

2016 жылы 14 желтоқсанда Корпорация құрамында 4 радионы біріктіретін «Республикалық радио» ЖШС тіркелді. 2017 жылы 30 қазанда «Республикалық радио» ЖШС атауы «Қазақ радиолары» ЖШС болып өзгертілді.

Басшылары

өңдеу
Жылдар Аты-жөні Фото Лауазымы
1 1957-1959 Қанапия Мұстафин Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
2 1959-1962 Құрманбек Сағындықов Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
3 1962-1969 Кенжеболат Шалабаев Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің Радиохабарлар және теледидар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесі жанындағы Радиохабарлар және теледидар жөніндегі комитет төрағасы
4 1969-1975 Кеңесбай Үсебаев Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің Теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
5 1975-1983 Хамит Хасенов Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің Теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
Қазақ КСР-і Теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
6 1983-1986 Камал Смайылов   Қазақ КСР-і Теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
7 1986-1990 Ғаділбек Шалахметов Қазақ КСР-і Теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
8 1990-1991 Сағат Әшімбаев   Қазақ КСР-і Теледидар және радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы
9 1991-1992 Ғаділбек Шалахметов Қазақ мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясының төрағасы
10 1992-1994 Шерхан Мұртаза   «Қазақстан» мемлекеттік телерадиохабар тарату компаниясының төрағасы
11 1994-1995 Ләйлә Бекетова «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясының президенті
12 1995-1996 Әшірбек Көпішев «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясының президенті
13 1996-2001 Ерлан Сатыбалдиев «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясының президенті
«Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының президенті
14 2001-2002 Есетжан Қосубаев «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық Корпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
15 2002-2006 Ғалым Доскен «Қазақстан теледидары мен радиосы» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Жабық Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
16 2006-2007 Нұртілеу Иманғалиев «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
17 2007-2008 Дәурен Әбдіхамитов «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
18 2008-2011 Жанай Омаров «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
19 2011-2016 Нұржан Мұхамеджанова «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрайымы
20 2016-2017 Кемелбек Ойшыбаев «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
21 2017-2019 Ерлан Қарин   «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы
22 2019- Ләззат Танысбай   «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрайымы

Құрылымы

өңдеу

Акционерлік қоғамның жоғары басқару органы — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі атынан Жалғыз акционер.

Акционердің мүдделерін қамтамасыз етуді бақылау және құқықтарын сақтауды жүзеге асыратын Қоғамның стратегиялық басқару органы — Директорлар кеңесі.

Қоғамның ағымдағы қызметіне басшылық етуші атқарушы орган — Басқарма.

Директорлар кеңесіне Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша тәуелсіз ақпаратты Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын және есеп беретін Ішкі аудит қызметі ұсынады.[8]

Басқарма құрылымы

өңдеу
Басқарма Төрайымы: Ләззат Танысбай[1]
Басқарма Төрайымының орынбасары: Шынар Ихсанғалиева Басқарма Төрайымының орынбасары: Азамат Кеңесұлы Басқарма Төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары: Дана Ахметова Басқарушы директор: Айдын Егізова
"Qazaqstan" ұлттық телеарнасы "Qazsport" телеарнасы Қаржылық қамтамасыз ету департаменті Анонс бөлімі
"Balapan" телеарнасы "Abai TV" телеарнасы Техникалық қамтамасыз ету департаменті Диджитал департамент
Алматы қаласындағы филиал "Алтын қор" телерадиоқор департаменті Коммерциялық қызмет департаменті Маркетинг және медиа аналитика бөлімі[9]
Дубляж бөлімі Өндірістік орталық Ақпараттық қауіпсіздік департаменті
Телехикаялар өндірісі бөлімі Аймақтық филиалдармен жұмыс бөлімі Персоналды басқару департаменті
Дистрибуция және сатып алу бөлімі Облыстық филиалдар (14 филиал) Құқықтық қамтамасыз ету департаменті
Еншілес ЖШС: "Қазақ радиолары" ЖШС, "Телевизия жаңалықтары агенттігі" ЖШС Құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті
Шаруашылық қамтамасыз ету департаменті

Директорлар кеңесі құрамы

өңдеу
  • Желдібай Руслан Сұлтанұлы — директорлар кеңесінің төрағасы, Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі
  • Ысқақов Қанат Жұмабайұлы — Мәдениет және ақпарат вице-министрі
  • Ахметов Ербол Сабыржанұлы — Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары
  • Танысбай Ләззат Мұратқызы — «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымы
  • Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы — тәуелсіз директор
  • Оспанов Ерсайын Ерікұлы — тәуелсіз директор
  • Нұрахметов Саят Ермаханұлы — тәуелсіз директор[10]

Еншілес ұйымдар

өңдеу

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының еншілес ұйымдары қатарына 2 компания мен «Хабар» агенттігімен бірлесіп құрған қор кіреді:

  • «Қазақ радиолары» ЖШС — Корпорацияға қарасты республикалық 4 радионы басқаратын компания. 2016 жылы желтоқсанда құрылған.
  • «Телевизия жаңалықтары агенттігі» ЖШС — қазақстандық телеарна Еуразия бірінші арнасының иесі «Еуразия+ОРТ» ЖШС-нің 80% үлесін басқаратын компания. Жеке меншіктен Корпорация меншігіне 2010 жылы өткен.
  • «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры — 2020 жылы отандық бұқаралық ақпарат құралдары мен медиа саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған корпоративтік қор.

Республикалық телеарналар мен радиостанциялар

өңдеу
Арна атауы Логотип Құрылды Сипаттама Директор Маңызды бағдарламалар
1 Qazaqstan   1958 Қазақстанның бірінші ұлттық телеарнасы.

Арна нөмірі: 1. Тілі: қазақша

Болат Мүрсәлім Таңшолпан, Апта, Ашық алаң, Ақорда
2 Balapan   2010 Қазақстанның бірінші балалар телеарнасы.

Арна нөмірі: 4. Тілі: қазақша

Мақпал Укенова Balapan live, Кім тапқыр, Кішкентай дәрігер
3 Qazsport   2013 Қазақстанның бірінші спорттық телеарнасы.

Арна нөмірі: 6. Тілі: қазақша, орысша

Нағи Бақытбеков СПОРТты ТАҢда, Sport Review
4 Abai TV   2020 Мәдениет және өнер телеарнасы.

Арна нөмірі: 5. Тілі: қазақша, орысша

Еркін Мұхамеджанов Сарасөз, Киелі сахна, Шаңырақ, Сана
"Қазақ радиоларына" қарасты радиостанциялар
Бас директоры: Нұртас Көшеров
Радио атауы Логотип Құрылды Сипаттама Директор Маңызды бағдарламалар
1 Қазақ радиосы   1921 Қазақстанның тұңғыш радиосы.

Жиілігі: 106,8 FM. Тілі: қазақша, орысша, немісше, ұйғырша, өзбекше, украинша, түрікше, татарша

Таңғы көңілашар, Мінбер, Бір толқында
2 Шалқар радиосы   1966 Қазақ халқының руханиятын насихаттайтын радио.

Жиілігі: 100,4 FM. Тілі: қазақша

Болатбек Төлепберген Шалқар таңы, Әлқисса, Күй-шежіре
3 Астана радиосы   1999 Ақпараттық-музыкалық радиостанция.

Жиілігі: 101,4 FM. Тілі: қазақша, орысша

Сымбат Танашева Құттықтау сағаты, В ритме столицы, "Сәлем, Астана"
4 Classic радиосы   2011 Классикалық музыканың радиостанциясы.

Жиілігі: 102,7 FM. Тілі: қазақша, орысша

Баян Байсейітова Классикалық таң, ДжазТайм, Музыкалық палитра

Аймақтық филиалдары

өңдеу
Қазақстанның облыстық телерадиокомпаниялары
Филиал атауы Негізгі телеарна Басқа арналар Тарихи мәліметтер Филиал директоры
1 Абай облыстық филиалы   1965 жылдың 1 қыркүйегінде Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты. Хасен Молдабаев
2 Ақмола облыстық филиалы   1999 жылдың 21 қыркүйегінде Ақмола облысының орталығы Астана қаласынан Көкшетауға ауысқаннан кейін құрылды. Берік Әбділманов
3 Ақтөбе облыстық филиалы   Ақтөбе филиалы 1960 жылы 28 қазаннан бастап өз хабарларын тарата бастады. Ғани Жәпішов
4 Атырау облыстық филиалы   ATYRAÝ радиосы Атырау телестудиясы Гурьев қаласының 350 жылдығын тойлау кезінде 1990 жылы 1 қыркүйек күні тұсауын ресми түрде кесті. Талғат Өтеғұлов
5 Батыс Қазақстан облыстық филиалы   Батыс Қазақстан облыстық телестудиясы өзінің тұңғыш хабарын 1964 жылы 26 қыркүйекте эфирге шығарды. Клара Қамбетова
6 Жамбыл облыстық филиалы   JAMBYL радиосы 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастады. Гүлбаршын Құланбаева
7 Қарағанды облыстық филиалы   1958 жылдың 31 тамыз күні Қарағанды телестудиясы Шахтерлер күніне арналған кинобағдарлама арқылы алғаш рет эфирге шықты. Берік Дүйсетаев
8 Қостанай облыстық филиалы   Қостанай облыстық филиалы телевизия хабарларын тұңғыш рет 1991 жылы 1 ақпанда Қостанай қаласында бастады. Ербол Ипбергенов
9 Қызылорда облыстық филиалы   Қызылорда облыстық телеарнасы 1991 жылдың 30 сәуірінде ашылды. Нұрбек Әмиша
10 Маңғыстау облыстық филиалы   MAŃǴYSTAÝ радиосы
JAŃAÓZEN телеарнасы
1970 жылы 15 тамызда Шевченко телестудиясының алғашқы көрсетілімі болды. Әнуарбек Бимағамбет
11 Павлодар облыстық филиалы   1965 жылы 7 қарашада Павлодар телестудиясы тұңғыш рет бірінші бағдарламасын эфирге шығарды. Гүлнаш Әбішева
12 Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы   1958 жылы облыстық депутаттар кеңесінің шешімімен Петропавлда телемұнараның құрылысы қолға алынды. 1960 жылы 1 наурызда өз жұмыстарын бастады. Разия Ыдырысбаева
13 Шығыс Қазақстан облыстық филиалы   Өскемен қаласында телевизиялық студия ресми түрде 1958 жылы наурыздың 16-ншы жұлдызында ашылды. Берік Көшербаев
14 Шымкент қалалық филиалы   OŃTÚSTIK радиосы Алғашқы хабарын 1990 жылғы қараша айының 5-ші жұлдызында тікелей эфирге таратты. Саламат Омаш

Корпорацияның бұрынғы телерадиокомпаниялары

өңдеу
  • Жезқазған облыстық телерадиокомпаниясы. 1959 жылы 5 қыркүйекте Жезқазған тау-кен комбинаты инженерлерінің күшімен әуесқой телестудия ретінде ашылды. 1960 жылы Жезқазған телевизия студиясы мәртебесін алған. 1973 жылы Жезқазған облысының құрылуына байланысты облыстық телерадиокомитет құрылып, 1991 жылы ол облыстық телерадиокомпания болып өзгертілді. 1997 жылы Жезқазған облысының таратылуына байланысты «Дидар» Жезқазған қалалық телерадиохабарын тарату дирекциясы («Дидар» телеарнасы) болып қайта құрылды. Ұлытау облысы құрылғаннан кейін 2022 жылдың желтоқсанынан бері «Ulytau» облыстық телерадиокомпаниясы («Ulytau» телеарнасы) деп аталады.[11]
  • Торғай облыстық телерадиокомпаниясы. 1971 жылы Торғай облысында радио іске қосылды. 1992 жылы соның негізінде Торғай облыстық телерадиокомпаниясы құрылды. 1997 жылы облыстың таратылуына байланысты Арқалық қалалық теледидары мен радиосы болып өзгертіліп, 2012 жылдан бері «Арқа дидары» деп аталады.[12]
  • Балқаш қалалық телестудиясы. 1967 сәуірде Балқаш қаласында жұмысын бастап, 1997 жылы наурызда жабылып қалды.[13]

Жабылған телеарналар

өңдеу

«Алатау» телеарнасы

өңдеу

Қытай елінің шекаралас аудандарына ұйғыр және қазақ тілінде хабар тарататын екінші республикалық «Алатау» арнасының трансляциясы 1984 жылы 1 шілдеден бастап АСК-2 аппаратты студиялық кешенінен шыға бастады.

1999 жылы телеарна жабылып, ұйғыр тіліндегі «Алитағ» бағдарламасы «Қазақстан-1» телеарнасынан шыға бастады. 2002 жылы «Алитағ» бағдарламасының атауы «Висал», кейінірек «Биз, Қазақстан уйғурлири» деп өзгертілді. 2009 жылы ұйғырша хабар тарату тоқтады.[14]

«Мәдениет» телеарнасы

өңдеу
Толық мақаласы: Мәдениет (телеарна)
 
«Мәдениет» телеарнасының логотипі

«Мәдениет» телеарнасыҚазақстандағы мәдени-танымдық бағытта хабар таратқан алғашқы арна. Қазақстандық көрермендерге отандық және әлемдік мәдениет жауһарларын кеңінен таныстырған бұл арна 2011 жылдың 26 қыркүйегінде «Қазақстан» РТРК» АҚ жанынан ашылды. 2014 жылы 1 қаңтардан бастап «Білім» телеарнасымен біріктіріліп, «Хабар» агенттігі жанында «Білім және мәдениет» телеарнасы ретінде хабар тарата бастады.[15]

«Tamasha TV» телеарнасы

өңдеу

«Tamasha TV» телеарнасы Қазақстандағы ойын-сауықтық бағыттағы алғашқы арна болып 2018 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шықан болатын. Әлемдік пандемия салдарынан телеарна 2020 жылдың 27 шілдесінен бастап хабар таратуын тоқтатты.[16]

Дереккөздер

өңдеу
  1. a b Басшылық
  2. Корпорация туралы
  3. Қазақ телевизиясы бүгін 60-тың асуына шықты
  4. О создании Казахской госудаpственной телеpадиовещательной компании
  5. О создании Госудаpственной телеpадиовещательной компании "Казахстан"
  6. "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясын құру туралы
  7. Мемлекеттік меншікті басқарудың кейбір мәселелері туралы
  8. Корпоративтік басқару
  9. Құрылым
  10. Басшылар туралы мәлімет
  11. Телеарна туралы
  12. Арқалық тарих толқынында
  13. Первому балхашскому диктору исполнилось 80 лет
  14. «Әссаламу әләйкүм, әзиз телетамашибинлар!»
  15. http://madeniettv.kz/kaz/telekanal/o-telekanale/ Мұрағатталған 17 ақпанның 2015 жылы. Телеарна туралы
  16. «Tamasha TV» телеарнасы жабылды