Қасым Әзімхан

Қасым Әзімхан (24.01.1952. Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Қошқар ата ауылы) – журналист.[1].ҚазМУ–ді бітірген (1983 жылы). Еңбек жолын 1967 жылы бастауыш сынып мұғалімдігінен бастап, Жуалы аудандық газетінде корректор, тілші, жауапты хатшы (1970–76 жылдары), "Лениншіл жас" газетінде корректор, тілші, бөлім бастығы, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары (1976-90, 1992-97 жылдары), "Егемен Қазақстан" газетінің аға тілшісі (1990-92 жылдары), "Заң газеті" және "Заң" журналының бас редакторы (1997–2002 жылдары). ҚР Журналистер одағы жүлдесінің иегері.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақстан Баспагері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х