Ассамдықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
10:56, 2011 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Aitan bot (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Automated import of articles)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту
Үлгі:Қорық аймақАссамдықтар  (ассамитэ, ахомийа) — Үндістандағы Ассам штатында тұратын халық. Саны — 14,55 млн. адам (1992). Бутанда (220 мың адам) және басқа елдерде де тұрады. Еуропа расасының Жерорта теңізі нәсіліне жатады. Үндіеуропа тілдерінің үндіарий тобына кіретін ассам тілінде сөйлейді, жазуы — көне үнді жазуының ассамдық нұсқасы. Будда дінін ұстанады. Ассам штатында б.з.б. 1-мыңжылдықтан бері белгілі халық. 13 ғ-да Бирмадан шыққан моңғол текті ахомолардың жаулап алуы негізінде Ахома мемлекетін құрды. Негізгі кәсібі — егіншілік, А. шайын өсіреді. Жұмыс көлігі — буйвол, өгіз. Үйді өзен жағаларына, тіректердің үстіне топырақ төсеп, бамбуктен салады. Ұлттық тағамы — күріш. Діни касталарға бөліну қатаң сақталған.