Сасы Бұқа тұсында Ақ Орда әкесінің кезіндегідей Алтын Ордаға тәуелді болды. “Мунтахиб ат-тауарихи Муини” авторы Му’ин әд-Дин Натанзидің айтуынша Сасы Бұқа Өзбек ханның замандасы және Ноғайдың ұлы, Алтын Орданың батыс ұлысының билеушісі. Сасы Бұқа билік еткен кезеңі туралы мәліметтер сақталмаған. Натанзидің айтуынша, Сасы Бұқа 1321 жылы өз ажалынан қайтыс болған. Денесі Сауран қаласына жерленген. [1]