Қомшабай Сүйеніш Есіркепұлы

Қомшабай Сүйеніш (14.12.1936 жылы,Қызылорда облысы,Жалағаш ауданы,Мақпалкөл ауылында дүниеге келген. ) - ақын,прозашы,драматург.

  • ҚазҰУ-ды бітірген (1959).
  • 1959-1962 ж. Қызылорда облыстық телерадио комитетінде әдеби кызметкер,
  • 1962-1982 ж. Қызылорда облыстық "Ленин жолы" (қазіргі "Сыр бойы") газетінде бөлім меңгерушісі,
  • 1982-1992 ж. Қазақстан Жазушылар одағының Қызылорда облысындағы әдеби кеңесшісі қызметін атқарған.
  • 1992 жылдан Қызылорда облысы ақын-жазушыларының "Қаламгер" ұйымына төрағалық етеді.Тұңғыш жыр топтамасы республикалық баспасөзде 1959 ж. жарияланды. "Тереңдегі ағыстар" (1985), "Сап-сап көңілім" (1988), "Сая таппай, сай таппай" (1993), "Гөй-гөй" (1996) поэзиялык жинақтары жарық көрген. Әр жылдарда республикалық әдеби журналдарда "Ғашық едім қайтейін", "Дүние бір қисық жол", т.б. әңгіме, повесть, романдары басылды. Драмалық шығармаларының ішінен "Кемпір шалдың кенжесі", "Сен де жалғыз, мен де жалғыз", "Әлі бойдақпысың?" пьесалары Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық драма театрында сахнаға шығарылып, тұрақты қойылып келеді. Халықаралық "Алаш" сыйлығының иегері (1996).[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6