Яков Федотович Павлов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
22:20, 2023 ж. қарашаның 28 кезіндегі Kasymov (талқылау | үлесі) жасаған нұсқа (Asemabaurzhan (т) өңдемелерінен Egor Shustoff соңғы нұсқасына қайтарды)
(айырм) ← Ескірек нұсқа | Соңғы нұсқа (айырм) | Жаңарақ нұсқа → (айырм)
Навигацияға өту Іздеуге өту

Яков Федотович Павлов(4 [17] қазан 1917 — 28 қыркүйек 1981 жылы) қазіргі Новгород облысында, Валдай ауданында- Совет Одағының Батыры. 1944 жылдан КОКП мүшесі. Қызыл Армия қатарына 1938 жылы шақырылды. 1941-45ж. Ұлы Отан соғысы кезінде Оңт-Бат., Сталинград,үш- Украин және екі- Белорус майдандарында ұрысқа қатысты. Пулемет бөлімшісінің командирі,зеңбірек нысанашысы және барлау бөлімшісінің командирі болды. 1942-43ж. Сталингард шайқасы кезінде Павлов асқан ерлік пен батырлық көрсетті. Сол жолғы ерлігі тарихта "Павлов үйі" деген атпен белгілі. 1946ж. тамыз әскерден оралған Павлов КОКП ОК жанындағы жоғары партия мектебін бітірді. Ленин орденімен Октябрь Революциясы, екі рет Қызыл Жұлдыз ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ Совет Энциклопедиясы