Елшат Жүнісұлы Расулов
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Елшат Жүнісұлы Расулов | |
өзб. Rasulov Elshod Yunusovich | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Азаматтығы | |
Туған күні | |
Туған жері | |
Бойы |
185 |
Марапаттар | |||
---|---|---|---|
Men's Boxing | |||
Өзбекстан | |||
Әлем чемпионаттары | |||
Күміс | Милан 2009 | 81 кг дейін | |
Қола | Баку 2011 | 81 кг дейін | |
Қола | Доха 2015 | 81 кг дейін | |
Азия чемпионаты | |||
Алтын | Ұланбатыр 2007 | 75 кг дейін | |
Алтын | Чжухай 2009 | 81 кг дейін | |
Жазғы Азия ойындары | |||
Алтын | Доха 2006 | 75 кг дейін | |
Алтын | Гуанчжоу 2010 | 81 кг дейін | |
Мемлекеттік марапаттары |
Елшат Жүнісұлы Расулов (өзб. Rasulov Elshod Yunusovich; 7 наурыз 1986, Қоқан, Ферғана облысы, Өзбек КСР) — Өзбек боксшысы, әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері. Орта салмақта өнер көрсетеді. Ол жаттықтырушы Нәби Байматовтың жетекшілігімен жаттығады.
2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиада ойындарының ашылуында Өзбекстан құрамасының ту ұстаушысы болып сайланды.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 2004 жылы — жастар арасындағы әлем чемпионы.
- 2006 жылы — әскери қызметкерлер арасындағы чемпион.
- 2007 жылғы әлем чемпионатында Нунеске нокаутпен ұтылып, жүлдеге қол жеткізе алмады.
- Азия ойындары мен құрлық біріншілігінің екі дүркін чемпионы.
- 2009 жылы Миланда (Италия) өткен бокстан әлем чемпионаты – күміс медаль. Финалда ресейлік Артур Бетербиевке есе жіберіп алды.
- 2011 жылы Бакуде (Әзербайжан) өткен бокстан әлем чемпионаты – қола медаль. Жартылай финалда қазақстандық боксшы Әділбек Ниязымбетовтен жеңіліп қалды.
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген спортшысы (2007)
- «Мехнат Шухрати» ордені (2009)
- Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы (2021)[1].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Токио қаласында өткен ХХХІІ Жазғы Олимпиада ойындарында жоғары нәтижелерге қол жеткізген бір топ спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау туралы. Өзбекстан Республикасы Президентінің ресми сайты (13 тамыз 2021). Тексерілді, 16 тамыз 2021.