Клинкер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Клинкер(нем. klіnker) – (нем. klіnker), 1) құрылыста – тас орнына пайдалану үшін қатты күйдірілген қатты кірпіш. Түсі қоңыр немесе күңгірт қызыл болады. Кәдімгі күйдірілген қызыл кірпіштен анағұрлым берік, күнге, суға, желге төзімді. Оны жолға, көшеге, еденге төсеуге, кейде үй іргесін қалауға да пайдаланады; 2) металлургияда – мырыш, қорғасын, қалайы кентастарын, олардың концентраттарын қорытқандағы қалдығы. Қорғасын-мырыш өндірісінде мырыш қалдықтарын немесе қатты қождарды (шлактарды) вальцтеу процесі кезіндегі алынған бағалы шала өнім де Клинкер деп аталады. Қазақстан ғалымдары (С.Тәкежановтың басқаруымен) мырыш қождарын вальцтеу процесінен кейінгі Клинкерді қайта өңдеу (магниттік айыру) сұлбасын жасап, іске асырды. Нәтижесінде одан мырыш (70%), темір (85 – 90%), қорғасын, алтын, күміс, т.б. металдар алынды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том