Мехсети Гянджеви

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Мехсети Гянджеви
парсы: مهستی گنجوی
Туған күні

1098 (1098)

Туған жері

Гәнжә, Арран (қазіргі Әзірбайжан)

Қайтыс болған күні

XII ғасыр

Қайтыс болған жері

Гәнжә

Мансабы

поэзия

Шығармалардың тілі

парсы

Мехсети Гянджеви (туған–өлген жылдары белгісіз) — 12 ғасырда жасаған парс халқының ақын қызы. Гәнжә өңірінде (қазіргі Әзірб. КСР–і Кировабад обл.) туып өскен. Жасында жақсы білім алып, ақындық және музыкалық дарынымен ерекше көзге түскен. Мехсети Гянджевиден бүгінге сақталып жеткен әдеби мұра 270 өлеңнен аспайды. Көбі – рубайлар мен ғазелдер. Ол поэзиялық шығармаларында өмір қызығы мен қуанышын жырға қосты, әйел теңдігін аңсады, қараңғылық пен зорлық–зомбылыққа қарсы шықты («Мынау жалған алтын құмырағы ұқсас қой», «Кім айтар бұл дүниені жұмағым деп», «Кеше маған жолыққан игі жақсым» т. б.).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы.1976. Том 8