Қорсанау комплексі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Альфред Адлер

Қорсанау комплексі (ағылш. inferiority complex, "өздік қорсанау" деп те аталады) — жиі кездесетін психологиялық комплекстердің бірі болып, адамда шынайы немесе қияли түрдегі жетіспеушілік, не кемшілік сезімі. Бұл сезімдер физикалық кемістіктен туындайды, немесе біз өзімізді өзгелерге қарағанда ақылсызырақ, әлсізірек, қабілетсізірек ... сезінген жағдайларда пайда болады. Басқа жағдайда өзін қорсанау сезімі таза ойдан шығарылған кемшіліктерден туындауы мүмкін.

Психологияда қорсанау комплексі – бұл дәйекті жеткіліксіздік сезімі болып, көбінесе біреу қандай да бір жағынан басқалардан кем, немесе төмен деген сезімге күпті болады.[1]

Альфред Адлер өзінің "Өмірдің сен үшін мәні" (What Life Should Mean to You) атты еңбегінде, қорсанау сезімі бала кезіндегі тәрбиеден (мысалы, аға-інімен, қарындас, әпке-сіңлісімен үнемі жағымсыз салыстыру жасаудан), физикалық және психикалық мәселелерден, немесе төмен әлеуметтік жағдайдағы тұрмыс тәжірибесінен (мысалы, баланың құрбыластары жағынан жағымсыз мәмлеге ұшырауы) арқылы туындауы мүмкін.[2]

Қорсанау комплексі бар адам өзінен жоғары дегендермен басартық, тіпті шектен шыққан бәсекелесуі мүмкін, мінездік тұрақсыздық айқын болады, жағымпаздану мен өшігу эмоциясы негізсіз және жүйесіз болады. Мысалы, қазіргі орташа бой биіктігіне жетпей өзін қор көретін адам ("Наполеон комплексі" деп те аталады) өзінің басқаларға қалай көрінетініне тым алаңдауы, артық бас қатыруы мүмкін. Өздерін ұзын етіп көрсету үшін арнайы аяқ киім киюі мүмкін, немесе өздерінен де қысқа адамдармен бірге жүруді ұнатуы мүмкін. Егер бұл қорсанау сезімі шектен шығып кетсе, ол неврозға айналады.[3]

Бұл комплекс сондай-ақ адамның нақты, немесе ойдан шығарылған кемшіліктерінің орнын толтыру үшін назар аудартуға тырысып, шамадан тыс бәсекеге түсуі, тіпті агрессияға дейінгі қылықтар (behavior) көрсетуі, басқалардың алдындағы өзінің көрінісіне тым мән беруін туғызуы мүмкін.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b Inferiority complex. APA Dictionary of Psychology. Washington, DC: American Psychological Association. n.d. Retrieved 2020-11-12.
  2. Hoffman, Riley Alfred Adler - Individual Psychology. Simply Psychology (17 мамыр 2020).
  3. Inferiority Complex. AlleyDog.