Үйдене бөгені

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Үйдене бөгені
Морфометрия
Ұзындығы4,4 км
Ені3,8 км
Ауданы4 км²
Көлемі0,075005 км³
Жағалық сызықтың ұзындығы21,2 км
Ең терең жері63,5 м
Орташа тереңдігі19,3 м
Сипаттамасы
Толтырылған жылы1966
Су алабы
Су жинайтын орынның аумағы634 км²
Орналасуы
47°21′36″ с. е. 84°46′41″ ш. б. / 47.36000° с. е. 84.77806° ш. б. / 47.36000; 84.77806 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°21′36″ с. е. 84°46′41″ ш. б. / 47.36000° с. е. 84.77806° ш. б. / 47.36000; 84.77806 (G) (O) (Я)
Ел Қазақстан
АймақШығыс Қазақстан облысы
Үйдене бөгені (Қазақстан)
Үйдене бөгені
Үйдене бөгені (Шығыс Қазақстан облысы)
Үйдене бөгені

Үйдене бөгеніШығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы жерінде, Сауыр жотасының етегінде орналасқан. Зайсан ауданы шаруашылықтарының 13 мың га-дан астам егістік жерлерін суару үшін Үйдене өзеннің бойына салынған. Электр қуатын өндіретін шағын қондырғысы бар. Бөген 1966 жылы іске қосылды.

Гидрологиялық сипаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданы 4 км2 шамасында. Ұзындығы 4,4 км, енді жері 3,8 км, орташа тереңдігі 19,3 м, ең терең жері 63,5 м, жағасының ұзындығы 21,2 км. Шарасына толатын су мөлшері 75,5 млн. м3 (1982 ж. — 38, 1983 ж. — 30 млн. м3 болды). Су жиналатын алабы 634 км2. Бөген мен Үйдене өзенінің суына негізделіп, осында 1967 жылы Үйдене суару жүйесі салынды. Жүйе басталар жерінде өзеннен секундына 55 м3 су алады. Жалпы ұзындығы 200,2 км, оның ішінде бас каналы 21,4 км. Негізінен шөл егістігі және бақша суарылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]