Әдемі қыз инелік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Таралу аймағының едәуір бөлігінде саны азайып бара жатқан түр. Ежелгі тұқымдас өкілі, бұған кіретін көпшілік түрлердің алшақ «қалдық» таралу аймақтары бар. Зоологиялық зерттеуде — қызықты нысана. Таралу аймағы Еуропа,Солтүстік Африка,ТМД-ның Еуропа бөлігі (солтүстік-шығыссыз), Қазақстан,Орта Азия,Оңтүстік Сібір мен Жапонияны қамтиды. Түбі құмды және ұсақ тасты өзендер мен жылғаларда тіршілік етеді, сирек терең ағын көлдерде кездеседі. Ересектерінің ұшуы маусым басынан тамыз соңына дейін созылады. Дамуы екі жылға созылады.Ересегі үнемі су маңында болады. Таралу аймағының көп жерінде ұсақ өзендердің ластануы мен ағысын реттеуге байланысты саны қысқарып отыр. Жарқыраған метал түсті ашық бояуына байланысты оңай ұсталады.Оқу коллекциясына жинау нысанасынан тез арада алып тастау керек.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ғажайып омыртқасыздар. Қазақстан Қызыл кітап беттерінен. Құрастырушылар И.Д.Минтяев, Р.В. Ященко, В.Л.