Енисей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Енисей
орыс. Енисей
Сипаттамасы
Ұзындығы 3487 км км
Су алабының
ауданы
2 580 000 км²
Су алабы Кар теңізі
Су шығыны 19 800 м³/с
Су ағысы
Бастауы өзендер қосылуы: Кіші Енисей мен Үлкен Енисей
 • Орналасқан жері Қызыл
 • Биіктігі 619,5 м
Сағасы Енисей шығанағы
 • Биіктігі 0 м
 • Координаттары 69°36′40″ с. е. 84°32′40″ ш. б. / 69.61111° с. е. 84.54444° ш. б. / 69.61111; 84.54444 (G) (O) (Я)Координаттар: 69°36′40″ с. е. 84°32′40″ ш. б. / 69.61111° с. е. 84.54444° ш. б. / 69.61111; 84.54444 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Ресей
Аймақ Тыва, Красноярск өлкесі, Хақасия
Енисей

Енисей, Енесай (кырг. Эне сай, эвенкіше Иоанеси – үлкен су, өзен) — Жер шарындағы аса ірі өзендердің бірі.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ол Бий-Хем (Үлкен Енисей) және Ка-Хем (Кіші Енисей) өзендерінің Қызыл қ. (Тыва Республикасы) тұсында қосылуынан пайда болады. Батыс және Шығыс Сібір шекарасын бойлай, негізінен, Ресейдің Красноярск өлкесі жерімен солтүстікке қарай ағып, Солтүстік Мұзды мұхиттың Кара т-ндегі Енисей шығанағына құяды. Ка-Хем бастауынан санағанда ұзындығы 4102 км, ал Бий-Хем өз-нің қосылған жерінен ұзындығы 3487 км. Су жиналатын алабының ауданы 2580 мың км², оның 328 мың км²-і Моңғолия жерінде. Енисейдің алабы, негізінен, таулы, көп жерін тайга, көп жылдық тоң алып жатыр. Аңғары мен арнасының құрылысына, ағысының сипатына және гидрологиялық режиміне қарай Енисей негізгі 3 бөліктен тұрады: жоғ. Енисей — Үлкен және Кіші Енисейдің қосылған тұсынан Батыс Саянның Минуса қазаншұңқырына шығар жеріне (Означенное айлағы) дейін, ұзындығы 474 км; орта Енисей — Означенное айлағынан Ангара өз-нің құйылысына дейін, ұзындығы 876 км; төменгі Енисей — Ангара өз-нен сағасына дейін, ұзындығы 2137 км. Енисей бұйраты сілемдерін кесіп өткен жерінде Казачинский және Осинов шоңғалдары бар. Абакан саласы құйғаннан кейін аңғарының ені 5 км-ге жетеді, арнасының ені 500 м-ден асады, ағысы баяулайды (2 м/с). Абаканның сағасынан төменде Красноярск бөгені басталады (ұзындығы 360 км, бөгет жанындағы тереңд. 100 м). Ангараның құйылысынан төмен қарай оң жағасы таулы, сол жағасы жайпақ. Төменгі Тунгускаға дейінгі аңғарының ені 10 — 20 км, кей жерлерінде 40 км-ге жетеді. Одан төмен аңғары кеңейе түсіп, арнасының ені 2 — 5 км-ге жетеді. Игарка қ. тұсындағы тереңд. 20 — 40 м. Төм. бөлігінде ұзындығы 300 км-дей болатын көптеген тармақтарға бөлінеді, олардың ең саяз жері 5 — 8,5 м.

Өзеннің негізгі салалары: Туба, Кан, Ангара, Подкаменная Тунгуска, Төменгі Тунгуска, Курейка (оң салалары); Абакан, Турухан (сол салалары).

Гидрологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қар, жаңбыр, жер асты суымен толығады. Суы көктемде көтеріліп, жазда тасиды. Жылдық орташа су ағыны Игарка қ. тұсында 18100 м³/с, сағасында 19800 м³/с. Қараша мен желтоқсан аралығында қатып, сәуірдің соңынан маусымның басына дейін мұзы ериді. Енисей алабында жалпы аудан 13,1 мың км² болатын 100 мыңнан астам көл бар.

Жағасындағы елді мекендер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Өзен бойында Саян-Шушенск, Краснояр СЭС-тері және бірнеше бөген орналасқан. Бөгендерде және Красноярск қ-нан сағасына дейін кеме жүзеді. Енисей алабында Саян-Шушенск, Столбы қорықтары орналасқан. Енисейден түрке, майшабақ, сылан, мұқсын, сүйрік, бекіре, қортпа ауланады. Е. бойындағы басты қалалар: Қызыл, Саяногорск, Минусинск, Абакан, Дивногорск, Красноярск, Лесосибирск, Енисейск, Игарка, Дудинка.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]