Максим Павлович Низовцев
Максим Павлович Низовцев | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні |
9 қыркүйек 1972 (52 жас) |
Азаматтығы | |
Максим Павлович Низовцев (9 қыркүйек 1972, Қостанай, Қазақ КСР, КСРО) — кеңестік және қазақстандық футболшы. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының экс-жартылай қорғаушысы.
Карьерасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қостанай футболының түлегі. Карьерасын 1991 жылы "Кустанаец" клубында бастаған. Клуб сапында КСРО-ның соңғы чемпионатында ойнады да, келесі жылы Қазақстанның жоғары тобына автоматты түрде жолдама алды. 1995-2003 жылдар аралығында Ресей клубтарында ойнап, 2004 жылы Қостанайға оралды.
Қазақстан Ұлттық футбол құрамасындағы алғашқы ойынын 1994 жылы 11 сәуірде Тәжікстанға қарсы өткізді. Ойын барысында Николай Курганскийдің орнына алаңға шықты. 1996 жылғы Азия Кубогының іріктеу турнирінде Катардың қақпасына өзінің құрама сапындағы алғашқы голын енгізді. 1997-2003 жыл аралығында құрамаға мүлде шақырылмады. 2004 жылы қайта шақырылып, 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турниріндегі бірнеше матчқа қатысып, 2005 жылы 3 қыркүйекте сырт алаңда Албанияның қақпасына гол соқты.
Ұлттық құрамада 16 ойын өткізіп, 2 доп соққан.
2009 жылы бапкерлік ғұмырын бастап, кезінде өзі ойнаған Калиниградтың "Балтика" жастар командасын екі жылдай жаттықтырды. Низовцевті "Тобылға" бапкер ретінде шақыру жайлы да сөз қозғалған болатын бірақ, команда директоры Николай Панин "Низовцевтің бапкерлік лицензиясы жоқ, сол себепті де клубқа жаттықтырушы бола алмайды" деп ол идеяны қуаттамады.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Қазақстанның күміс жүлдегері: 2005, 2006
- Қазақстанның қола жүлдегері: 2004
- Ресейдің қола жүлдегері: 1999
Көрсеткіштері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жж | клуб | Матч | Гол |
---|---|---|---|
1991 | Кустанаец | 27 | (2) |
1992—1994 | Химик | 99 | (43) |
1995—1999 | Балтика | 121 | (29) |
1999 | ЦСКА | 2 | (0) |
2000 | Балтика | 22 | (4) |
2001 | Сокол | 29 | (2) |
2002—2003 | Черноморец | 36 | (3) |
2004—2005 | Тобыл | 64 | (27) |
2006 | Ақтөбе | 28 | (3) |
2008 | Восток | 24 | (4) |
Басқа да фактілер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әкесі Павел Низовцев те кәсіби футболшы болған. Қостанайдың "Автомобилист" клубында ойнаған.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 9 қыркүйекте туғандар
- 1972 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша футболшылар
- Қостанайда туғандар
- Қазақстан футболшылары
- Тараз ФК ойыншылары
- Тобыл ФК ойыншылары
- Ақтөбе ФК ойыншылары
- Восток ФК ойыншылары
- Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары
- ЦСКА Мәскеу ФК ойыншылары
- Сокол Саратов ФК ойыншылары