Ольга Евгеньевна Сафронова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жеңіл атлетика Ольга Евгеньевна Сафронова
Жеке мағлұматтар
Туған күні

5 қараша 1991 (1991-11-05) (32 жас)

Туған жері

Қарағанды, Қарағанды облысы, Қазақ КСР

Азаматтығы

 Қазақстан

IAAF

235579 және 14288586

Үздік нәтижелері
100 м

11,09

200 м

22,85

Марапаттар
Әйелдер жеңіл атлетикасы
Азия чемпионаттары
Күміс Ушань 2015 200 м
Алтын Бхубанешвар 2017 4х100 м
Күміс Бхубанешвар 2017 100 м
Қола Бхубанешвар 2017 200 м
Азия ойындары
Алтын Инчхон 2014 200 м
Күміс Инчхон 2014 4х100 м
Қола Инчхон 2014 100 м
Қола Джакарта 2018 4х100 м
Жабық ғимараттағы Азия чемпионаты
Күміс Тегеран 2010 4×400 м
Қола Тегеран 2010 60 м
Жекпе-жек және жабық ғимараттағы Азия ойындары
Қола Ашхабад 2017 60 м

Ольга Евгеньевна Блудова (тұрмысқа шыққан соң — Сафронова, 5 қараша 1991, Қарағанды) — қазақстандық жеңіл атлетші, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада қатысушысы.

О.Е.Блудова Қарағанды қаласында дүниеге келген. Ольга ұзындыққа және биіктікке секіру секторынан бастады. Өзін бөгеулермен жүгіруден сынап көрді. Ақыр аяғында Юрий Иванович Маштаковтың жетекшілігімен спринтке келді.

Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Халықаралық «Өзбекстан кубогы» жарысында «А» тобында 2012 жылғы Олимпиаданың олимпиадалық нормативін орындады.

60 метрге жүгіру және эстафета бойынша 2010 жылғы жабық ғимараттағы Азия чемпионатының жүлдегері. 100 м қашықтықтағы қазақстандық рекордшы – 11,37 с.

2012 жылғы Олимпиадада 100 метрге жүгіруден 24-ші болды.

2013 жылы Мәскеуде өткен әлем чемпионатында 23,83 с нәтижесімен, жартылай финалға жолдама ала алмады.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті.

Әкесі Евгений Блудов – жүргізуші. Анасы Ирина — бөгеулермен жүгіруші. Ағасы Максим Блудов биіктікке секірумен айналысады.

Күйеуі — әйгілі ұзындыққа секіруші Константин Сафронов[1].

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Мади Карамендин Ольга Сафронова: «Нам не хватает соревновательного опыта». sports.kz (21 маусым 2013).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 15 қараша 2021.